Газета "ДИДАР"

                                         «ДИДАР» газеті  №10 (16486) 27 қаңтар 2011 жыл

Сұхбат

 

Хафиз МАТАЕВ, қоғам қайраткері, «Парасат» орденінің иегері:

 

 - Қайым  АҒАМЕН  АРАЛАСЫП  тұрдым,  тіпті  оны өз әкемдей көретінмін

Әркімнің өмірдегі жүріп өткен жолына қайырылып, бір қарайтын кезі келеді екен, Не тындырдың? Туған еліңе, жеріңе қандай пайдаңды тигіздің? Қалың жұрттың қамын жеп, қызмет етсең, ел оны ешқашан ұмытпақ емес. Тынымсыз еңбекке толы жылдарың сенің қазынаң секілді. Ондай адамға қандай құрмет керсетсең де лайық. Сондай қазыналы қарттардың бірі - «Парасат» орденінің иегері Хафиз Ыбырайұлы Матаев. Оның өмірі өнегеге толы. Семейде тұратын, көргені көп, көңілінетүйгені мол ақсақалға таяуда «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингінің атынан арнайы барып, сексен жасымен құттықтап, сұхбаттасып қайтқан болатынбыз.

Абай өлеңдерінкішкентайымнантыңдап өстім

-Хафиз аға, Сіздің өміріңіз ат үстінде өтті.   Бойыңыздағы   барлық   күш-қуатыңызды туған жердің түлеуіне, еліңіздің игілігіне арнадыңыз. Айтыңызшы, тағдырыңызға, жүріп өткен емір жолыңызға ризасыз ба?

-  Ризамын. Қазақта құдайдың бергені деген сөз бар ғой.  Жалпы,  кез келген адам баласы өзінің өмірдегі қол жеткізген биігіне оқу, үйрену, зердесіне тоқу арқылы қол жеткізеді ғой. Мен де үйрендім. Жақсы адамдардың үлгі-өнегесін көп  көрдім. Солардың ең алғашқылары, әрине, өзімнің, әкем мен шешем. Шешем әкемнен он бес жас кіші екен. Әрине, ананың жолы, ананың, тәрбиесі әрқашан бөлек. Ананың жақсылығын Меккеге көтеріп апарсаң да өтей алмайсың. Ал әкем жайлы айтатын болсам, ол - 1923-1956 жылдар аралығында алғашқы бастауыш сынып мұғалімдерінің бірі болған адам. Әкемнің арқасында мен жеті жасымда мектепке бардым. Ол кезде балалар мектепке сегіз жасынан бастап қана баратын. Әкем мені артқа отырғызып қоятын. Есепте жоқ болсам да, әріпті танып шықтым. Келесі жылы әкем районоға айтып жүріп екінші сыныпқа алғызды. Әкемнің тағы бір артықшылығы, ол Абайды көп оқыған. Өлеңдерін жатқа білетін. Үйге келген-кеткендердің барлығына сайратып айтып отыратын еді. Көзі ашық адам болған соң, үйімізге әкемді сағалап келушілер көп болды. Кішкентай болсам да көңілімде әкем оқитын Абайдың елеңдерінің бәрі жатталып қалды. Осылайша Абайдың өлеңдерімен ерте сусындап, тәлім алдым. Қарап отырсаңыз, Абайда айтылмаған сөз жоқ. Адам өміріне, мінез-құлқына қатысты нәрсенің бәрі Абайда бар. Абай адал бол, әділ бол, тура жолдан тайма деп өсиет айтады. Мысалы, Абай адам адамнан төрт нәрсемен өзады дейді. Ол терт нәрсе не? Абай айтқан ол төрт нәрсе мыналар: ғылым, білім, ар және мінез. Міне, осыдан басқа нәрселермен озам деу бекершілік дейді ұлы Абай. Абай ғылымды бірінші орынға қояды. Ал Абайдың айтып отырған білімі өмірді білу керек дегені. Мысалы, адам қанша жерден ғалым болса да, өмірді білмеуі мүмкін. Ар мен мінез де адамды адастырмайтын нәрселер. Қазіргі кезде коррупцияның көбейіп кеткені неліктен? Өйткені, қоғамда арсыз адамдар көбейіп кетті. Коррупция дегеніміздің өзі - біреудің мүлкін иелену. Көріпжүрмізғой, кереметбастықтар бар, бірақ мінез жоқ. Орыстың классик жазушысы Ф.Достоевскийдің «Смех» деген әңгімесі бар. Адам қалай күледі? Жазушы әңгімесі осы туралы. Бір адамдар ағынан ақтарылып, шын ниетімен күледі. Албірадамдардыңкүлкісінің өзінде зіл жатады. Осының бәрі адамның мінезінен туады. Мінез дегенің бірқалыпты, орнықты болуы керек. Қоғамда басқаның мүлкін иеленуді машық қылған жемқорлар аз болса, шалғайда жатқан анау Шұбартау өңірі, мынау Абай ауданы гүлденіп кетер еді. .Орыстар Пушкин туған жер тұрмақ, Пушкин жүріп өткен жердің бәрін құлпыртып қояды. Сондықтан да адамға, қоғамға әділет қажет. Менің өмірде ұстанған бағытым Абайдан тарайды.

16 жасымда Семей қаласындағы педучилищені бітіргеннен кейін ауылда әкемнің қасында бір жыл мұғалім болдым. Балаларға сабақ беруге, ұстаз болуға әкемнің өзі тәрбиеледі. Бір жылданкейін оқуымды ары қарай жалғастыру мақсатымен пединституттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түстім. Пединститут мен үшін нағызтәрбиебесігіболды. Небіржақсы-жақсы мұғалімдер дәріс берді. Жалпы, сол кездегі оқу өте таза еді ғой. Мұғалім сабаққа шынниетімен дайындалып келетін. Бір ғана Қайым Мұхамедхановтың өзін алайықшы. Менің үлкен олжамның, өзі - осы Қайымның алдын көруім. Ол кісі бізге үш тақырыптан сабақ берді. Олар: Абай, Шоқан, Ыбырай. Ол кезде Қайымның отыздан енді асқан шағы. Сондай сұлу. Марқұм есіктен кіре сөйлейтін. Кейбір мұғалімдер кімнің сабаққа қатысқан, қатыспағанын түгендеп, бос уақыт өткізеді ғой. Жоқ, ол өйтпейтін. Қолындағы газет, кітап қиындыларына анда-санда көзінің қиығын бір салатыны болмаса, іркілмейтін. Біз Қайым ағаның сөздерін тіпті жазып үлгере алмайтын едік. Кейін Қайым сотталып кетті.  Бар жазығы - ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтің шәкірті болып, «Абайдың ақын шәкірттері» тақырыбында диссертация қорғағаны.

Біз үшінші курста оқып жүргенімізде Семейде үлкен жиналыс өтті. Ол жиналысқа жоғары курс студенттеріде қатысты. Сөйтсек, жиналыстың негізгі көздеген мақсаты Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақын шәкірттері» атты диссертациясын талқылау екен. Куә болуға Алматыдан 20 адам арнайы Семейге келіпті. Бірінен кейін бірі сөйлеп жатыр. Айтатын сөздері «Мынау Қайым деген құтырып алды. Бұны қолтығынан демеп, құтыртып отырған Мұхтар Әуезовтің өзі. Мынау еңбек тұнып тұрған пантюркизм, панисламизм. Кеңес Одағының саясатына қарсы» дегенге саяды. Ол кезде Қайымның қылшылдаған жас кезі ғой. Сөйлегендерге «Қай жерде мұның буржуазиялығы бар? Совет Одағына қарсылығын қай жерінен көріп тұрсыз? Немен дәлелдейсіз?» деп жалғыз өзі тойтарыс беріп тұр. Біз болсақ жылап отырмыз. Бірақ не керек, ұстазымыз Қайым Мұхамедханов 25 жылға сотталып кете барды. Түрмеден келгеннен кейін де Қайымның басқан ізі аңдулы болды ғой. Ғалымның өмірі ащы азаппен, күреспен өтті. Бірақ сонда да рухын түсірген жоқ.

Кейіннен Қайым Мұхамедхановпен араласып тұрдыңыз ба?

- Бірде қасымда бір жолдасым бар Қайым ағамен амандасуға үйіне бардық. Ол кезде мен қазіргі Бесқарағай ауданына қарасты Беген орта мектебініңдиректорымын. Беген онда Павлодароблысына қарайтын. Қайымныңбосап келген кезі. Амандық-саулықтан соң бізге «тексеріңдер» деп бір құшақ дәптерді беріп қойды. Бір кезде бәйбішесі шайға шақырды. Сонда Қайымның: «Олардың жасамағаны жоқ қой маған. Жарайды, түрмесіне де отырып, «люксіне» де жаттық. Оны қойшы. Ішім ашитыны, менің осы үйдің бір қабырғасын алатындай кітабым бар еді, мені соттар кезде сол кітаптарымның көпшілігін өртеп жіберіпті. Содан қалғаны анау» деп бұрышта үйіліп жатқан кітапты көрсеткені есімде. Бұрышта үйіліп жатқан кітаптын, өзі әлі бір үйге жететіндей көп. Қалай десек те, Қайым Мұхамедханов ғылымға берілген, кітапты қадірлеген нағыз ғалым еді.

Өмірінің соңына дейін Қайым ағамен жақсы араласып тұрдым. Ұстазым деп ол кісіні қатты құрмет тұттым. Өз әкемдей көретінмін. Керек кезінде менің қызметіме де қарамай, баласындай жұмсайтын еді.

Сіздің пединституттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіргеніңіз, Қайымдай ғұламадан дәріс алғаныңыз басшылық қызметіңізге кемектесті ме?

-  Көп көмектесті. Әдебиетті, Абайды білуімнің пайдасы зор болды. Абайды білу дегеніңіздің өзіөмірдібілудегенсөзғой. Өзім көп жылдар бойы Абай ауданын басқардым. Ал Абай ауданына ат басын бұрмаған ақын мен жазушы, ғұлама кемде-кем. Абайдың шығармашылығында: «ақын мен әнші -адамзаттың бұлбұлы» деген сөз бар. Ақын болу, жазушы болу деген оңай емес. Абай ауданына келген өнер адамдарын қатты құрметтейтінбіз. Қонақ үйін тігеміз, қыбын табамыз дегендей. Олармен тең дәрежеде сөйлесу үшін менің тіл маманы болуымның мол көмегі тиді. Жалпы, аудандағы өнер адамдарын да аялап ұстауға тырыстық. Абай театры халық театры атағын алған өнер ұжымы болды. Мәскеу сахнасында Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасын қойған. Талайлар таңдай қаққан. Кейін «Қаламқас» ән-би ансамблін ұйымдастырдық.

Басшыға шаруашылықты білу аз, оның рухани жан-дүниесі де бай болып, әдебиет пен өнерден де хабары болуы керек. Кейде екі сөздің басын қосып, дұрыстап сөйлей алмайтын басшыларды көргенде ұяласың.

Абай ауданы тоғыз рет жеңімпаз атанды

-Хафиз Ыбырайұлы, Сіз 22 жасыңызда мектеп, ал 27 жасыңызда совхоз директоры болыпсыз.

- Институт бітірген соң, Бесқарағай ауданына қарасты «Беген» совхозындағы мектепте мұғалім, келесі жылы мектеп директоры болдым. Кейін мені аудандық білім бөлімінің бастығы етіп қойды. Оны жарты жыл істедім бе, жоқ па, аяқ астынан Чапаев атындағы колхоздың директоры болып шыға келдім. Осылайша ойламаған жерден шаруашылыққа топ ете түстім. Бір артықшылығым, ауылда өскендігім ғана. Бәрі сол жаңа айтқан үйрену дегеннен шығады. Бар шаруаға, істің тетігін табуға халықтың өзі үйретті ғой. Трактористен де үйрендік, комбайншылардан да үйрендік. Мысалы, менің алдымда бұл колхозды 11 жыл бойы Қажен Жыңғылбаев деген адам басқарыпты. Өзі Социалистік Еңбек Ері атағын алған адам. Кейін колхоздыңтізгінін ҚабдырашитСағатов деген кісі ұстады. Бірақ оның жоғары білімі жоқ еді. «Қайтсем де жоғары білім аламын» деп жанталасып жүріп Алматыдағы партия мектебін бітірді. Осы адамдардың қасында жүрдім, ақыл-кеңесін тыңдадым. Өмірде қол жеткізген нәрсемнің бәрі үйрену арқылы келді. Үйренудің арқасында небір биіктерді бағындырып, шыңдарға шықтык,. 1958 жылы мен басқаратын колхоз мемлекетке бір миллион пұт астық тапсырды. Бұл дегеніңіз үлкен жетістік емес пе? Осындай ерен еңбегіміздің арқасында колхозымыз бір жүк көлігі мен бір мотоциклге ие болды.

Жұрт жап-жас басшының мұндай жетістігіне сенімсіздікпен қараған болар?

- Ел болғаннан соң неше түрлі сөзде болады ғой. Бірақ бұл шындық болатын. Мен Абай ауданын басқарған кезде бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткіздім. Абай ауданы 9 рет бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанды. Нанасыз ба, аудандық емес, облыстык, та, республикалық та емес, бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы. Біз туралы сонау Мәскеуден шығатын «Сельская жизнь» мен «Правда» газеттері жарыса жазды. Қатарынан 9 рет жеңімпаз атану дегенің -Одақ тарихында болмаған нәрсе.

Айтыңызшы, сонда Сіздің ұдайы алдыңғы қатардан көрініп,жеңістерге қол жеткізуіңіздің құпиясы, сыры неде?

- Еңалдымен еңбекадамын материалдық жағынан ынталандыра білу керек. Менің жұмыс стилімдегі бір ерекшелік - осы. Мысалы, жоғарыда «Чапаев» колхозы мемлекетке 1 миллион пұт астык, тапсырды деп айттым ғой. Бегеннің жері астыққа өте қолайлы. Сол 1958   жылы егін   керемет бітік шықты. Осы егінді төкпей-шашпай жинап алуды алдымызға мақсат етіп қойдық. Еңбек адамын ынталандыру үшін біз не істедік дейсіз ғой. Диқандарға артық орған астықтары үшін қосымша үстеме ақы төледік. Алғашында үстеме ақы төленетініне диқандардың ешқайсысы   сенбеді. Бірақ ақша қолдарына тие бастағаннан кейін көздері жетті. Бұрын жиі-жиі «сынып қалатын» комбайндар сынбайтын болды. Таңғы сағаталтыда колхоздың бас бухгалтерін өзімнің қасыма ертіп алып, егін басына баратынмын. Комбайншыларға тиесілі соманы қолма-қол таратып беретінбіз. Мұндай әдісті мен Шұбартау, Абай аудандарына басшы болғанымда да пайдаландым.

-   Бұл   аудандар   негізінен   мал шаруашылығымен айналысады ғой.

-  Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып мен 1969 жылдың 26-қаңтарында келдім. Ол кезде Абыралы да Абайға қарайды. Қыс қаһарын төгіп тұр. Аудандағы 11 совхоздың,8-індемалғаберетін шөп жоқ. Мал дегеніңіз қынадай қырылып жатыр. Себебі, 1968 жылдың қысы мен жазы жайлы болып, қысқа халық шөп жинамапты. Келер жылдың да малға жайлы болатынына сенген ғой. Абай ауданына бара жатқанымда «онда несіне барасың, мал қырылып жатыр, соттала алмай жүрмісің?» деген ағайын да болды. Бірақ қиындықтан қорқып, кері қайтып кетпедік. Қасқайып қарсы тұрдық. Осы қыс маған сабақ болды. Мен енді шопандарды шөпті үнемдеп жұмсауға үйрете бастадым. Айталық, шопанның қорасына үш мая шөп түсіріп береміз. Үш мая шөп дегенің, шамамен алғанда 150 тоннадан есептегенде 450 тонна шөп. Шопандарға «егер бір маяны үнемдесең, осы үнемдеген маяңның 40 пайызы сенікі» дейміз. Ал бұрын жағдай қалай болған? Шопан совхоздың малын түнде қораға қамайтын да, өзінің жеке меншік малын маяға жіберіп қоятын.  Сөйтіп, қыстың ортасында шөп таусылып, мал қырылатын. Енді мынаны қараңыз, меніңжаңағы әдісімнен соңшопандар маяны үнемдейтін, мал шөптентарықпайтын болды, Біз осылай қаншама адамдарды тәрбиеледік. Ет өткізу, жүн өткізу жоспарлары тағы бар. Жалпы, қайжағынанболсын Абай ауданының көрсеткіштері үнемі жоғары болды. Өйткені, еңбек адамын  материалдық жағынан ынталандырып отырудың пайдасы көп болды.

Шұбартаулықтардың бастамасын қолдадық

-   1972 жылы қой шаруашылығын өркендетеміз деп шұбартаулықтар бастама көтерді. Сіз осы шұбартаулықтардың бастамасына қалай қарадыңыз? Жалпы, қазақ жастарын қой соңына салу олардың ғылым-білімнен кенжелеп қалуына себеп болған жоқ па?

-  Бастаманы Шұбартау ауданы көтерді. Ол кезде Шұбартауды Ш.Мақашев деген адам басқаратын. Әрине, біз қолдадық. Өйткені, аудандажұмысқолыжетпейжататын. Шұбартаулықтардың бастамасы бізге жақсы мүмкіндік болды. Бір ескеретіні, біз оқимын, білім қуамын деген жастарға қиянатжасаған жоқпыз. Олардыңжолы ашық, қай оқу орнына барамын десе де, өздері шешетін. Ал мектепте нашар оқып, емтихан тапсыра алмаған немесе оқуға барып, құлап келген жастарды еңбекке тарттық. Шопандар бригадасындағы жастардыңжағдайын жасадық. Малдан шаршап келгендерінде моншасына дейін жағулы тұратын. Біржыл малбаққаннанкейінжастардытағыдазорлапұстамадык,. Қазіркейбіреулер шұбартаулықтардың бастамасының өңін айналдырып, «ойбай, қазақжастарын оқытпай, қой соңына салып қойды» деп жүр ғой. Бұлай айту мүлдем дұрыс емес. Ойлап қарасаңыз, мұныңөзіндеүлкентәрбиежатыр. Еңалдымен, ата-анаға тәрбие. Балаң қой бақпасын десең, оқыт, сабағын қадағала. Ал оқи алмаған баланеге сенделіп бос жүруі тиіс. Еңбек етпей бос жүрген бала не істеуші еді? Арақ ішіп, темекі шегеді. Бұзылады. Балаң бұзылмасын десең, өзіне, қоғамға пайдалы іспен айналыссын дедік.

-  Басшылык, еткен жылдарыңызда Абайауданыныңәлеуметтіксаласынүнемі  назарыңызда ұстапсыз. Ауданда қаншама нысандар бой көтеріпті.

- Нансаңыз, Абай ауданына бірінші хатшы болып келгенімде бір жөні түзу мектеп жоқ еді. Қарауылдағы оқушылардың өзі жеті жерде оқиды. Балалар оқитын жерлерін «тауық қора» дейді. Біреуін тоқтатып алып «қайда барасың?» деп сүрасаң, «тауық қораға» бара жатырмын деп жауап беретін. Абай ауданына басшылыққа бара сала, осы мектеп салу мәселесін қолға алдым. Үлкен, типтік мектепті бір жарым жылда салып бітірдік. Мәселе былай, жоспар бойынша 1970 жылдың 10-тамызында Ұлы Абайдың 125 жылдық тойы өтуі керек. Мен осы мәселемен 1969 жылдың соңында Қазақстанның Орталық комитетіне бардым. Елді-басқарып отырған Д.Қонаев жұмыс бабымен Уругвайға кетіпті. Содан Қазақ КСР Министрлер кеңесінін, төрағасы Бәйкен Әшімовке кірдім. Менің Б.Әшімовтің әлдына кіруіме оның көмекшісі Ораз Құтжанов деген жігіт көмектесті. Олда Абай ауданынан болып шықты. «Онда, бауырым, Абай ауданының халқына бір көмегің тимесе мұнда неғып отырсың?» деп мен де жабыса кеттім. Жігітіміз нағыз патриоттың өзі екен.

- Сіздің айтып отырған Құтжановыңыз қазіргі күні Абай мұраларының жарыққа шығуына көмектесіп жүрген меценат Медғат Құтжановтың туысқаны ма?

-  Иә, Ораз Медғаттың інісі екен. Ол кез-де оны қайдан білейін. Ораздың көмегінің арқасында Бәйкен Әшімұлы мені қабылдады. «Абайдың тойын өткізуге аудан әзіремес. Мәдениет нысандарыныңон екіде бір нұсқасы жоқ. Тіпті Абай ауданының орталығында не жөні түзу мектеп, не мәдениет үйі жоқ. Ертең қаншама қонақтар келеді. Қонақтар қайда жатады? Мәдени шаралар қайда өтеді?» деп   бәрін сарнап айтып, жағдайды баяндап бердім. Кіргенім мұндай жақсы болар ма, 1970 жылы қаулы шықты. Көп кешікпей аудан орталығы Қарауылда мектептің, 500 орындық мәдениет үйінің, үш қабатты үлкен аурухананың құрылысы басталды. Мұнымен қатар кезегімен «Абыралы», «Саржал», «Бірлік» совхоздарында да мектеп салынатын болды.

-СондаСіз облысбасшыларыныңалдын орап кеттіңіз бе?

-Ондаоблыстықпартиякомитетініңбірінші хатшысыболып Морозовтыңендікеліпжатқан кезі. Оларға барып, ақылдасқанмен, айтатындары белгілі ғой. «Сен республиканы шулатпа» дейді. Ал Абай ауданыныңжағдайы ауыр. Той болса жақындап келеді. Жоғарыдағыларға осылай жол таппасаң, жұмыс бітпейді.

Тойлардың арқасындаәлеуметтік нысандаркөп салынды

Абай - еліміздегі той ең көп өтетін аудан. Осы орайда той атаулының аудан халқына тигізер пайдасы қандай?

-  Тойларды санасақ, Ұлы Абайдың 125, Шәкерімнің 130, Мұхтардың90 жылдықтойларын өзімұйымдастырыпбасы-қасындажүрдім. Мұны менің маңдайыма бұйырған бақыт десе де болады. Осы Абай, Шәкерім, Мұхтар сынды ұлытұлғаларымыздыңтойларыныңарқасында ауданда көптеген мәдени, әлеуметтік нысандар салынып қалды. Халықтың, тұрмысы жақсарды. «Той өткелі жатыр» деп облыс пен Орталық комитеттің арасында шапқылайтын да жүретінбіз.

Жалпы, мен Абай ауданын басқарған 1963-1991 жыларалығында 11 совхоздыңЮ-ына типтік мектеп салынды. Басқа бірде-бір ауданда мұндай мектеп салынған жоқ. «Абайдың елі» деп маған жыл сайын бір мектеп беріп отырды. Бірнеше совхозда мәдениет үйі мен емхана бой көтерді. Су құбыры, электржелілері тартылды. Көшелергеасфальтжолдартөселді. Мен Абай ауданына басшы болып барғанда ауданныңорталығы Қарауылдыңөзіндеэлектр желісі жоқ болатын.

-   Қазіргі  Семей - Абай тасжолының да негізі Сіздің кезіңізде салыныпты ғой.

-   Тасжолдың  құрылысы ұзаққа созылды. Тоқсаныншы жылдардың басында ғана аяқталды. Ұлы Абай «Ақымақ, өзін мақтап былжырайды» дейді. Кейбіреулер атқарылған шаруаны мен тындырдым деп кеудесін кереді ғой. Әрине, жоғарыда айтылған жұмыстардың бәрін мен жалғыз өзім жасадым деп, өзімді мақтап отырған жоқпын. Сөзжоқ халық салды. Мұндай игілікті істерге халықты жұмылдыра білу, иландыру, елдің рухын көтеру, жан дүниесіне жол табу -басшының міндеті. Елмен тіл табыса білу қажет. Ойлаңызшы, бір жылда біз қаншама жиналыс өткіземіз. Шопандардың өзінің бірнеше слеті бар.

Адал жүріп-тұруға тырыстым

Айтыңызшы,  қызметіңізді  көре алмай, аяғыңыздан шалғандар кездесті ме?

-  Менің артымда Абай тұрды. Абайдың жолы, Абайдың тағылымы мені адастырған жоқ. Ал енді теріс кетіп бара жатсаң, ешкімді ешкім аямайтыны белгілі. Ел болған жерде ондай нәрселер кездеседі. Олардың бәріне,-бірдей жағу мүмкін де емес. Дегенмен, адал жүріп-тұруға, әрқашан әділ болуға тырыстық. Нансаңыз, менің меншігімде бір мал болған жоқ.

- Семей полигоны жөнінде не айтасыз? Абай ауданының халқы сол полигонның қасіретін ең көп көріп, зардабын тартты ғой.

-  1969 жылы Абай ауданына барғанымда бірталай жігіттер осы полигонның зияны туралы біраз нәрселерді көтеріпті. Олар тіпті менен бұрын Абай ауданын басқарған азамат Кәрім Нұрбаевтын, кезінде-ақ, 1962 жылдары бастапты бұл істі.   Дегенмен, жоғары жақ, ресми Мәскеу «Әкетіп бара жатқан ештеңе жоқ» деп оларды тыныштандырғанға ұқсайды. Ядролық жарылыстар 1949 жылы басталған еді ғой. Десе де, уақыт өте келе полигонның зардаптары көріне бастады. Адам өлімі көбейді. Абай ауданы халқына «өліп таусылу қаупі» туды. «Өліп таусылу қаупі» деген сөз Мұхаңның, МұхтарӘуезовтіңсөзі. Жазушының осы аттас мақаласы бар. Бірақ шын «өліп таусылу қаупі» халықтың басына сынақ полигоны ашылғаннансоңүйірілді. Өз-өзінеқолжұмсап, асылып өлушілердің, ақыл-есі ауысқандардың саны артты. Аналар аяқ-қолы жоқ кемтар, есалаң, мылқау балаларды дүниеге әкеле бастады. Қазаққа ұлы тұлғаларды сыйлаған киелі топырақтың ядролық қаруларды сынайтын алаңға айналғаны жанымызға қатты бататын. Мен Абай ауданын бертінге дейін, яғни 1991 жылға дейін басқардым. Екі мәрте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайландым. 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің YІ сессиясы мәжілісінде осы полигонның зардаптарын ашық  айтып, баяндама жасадым. Бұл мәжіліске Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, президиумда отырған еді. Мәжілістен соң ол кісіге қарсы жолықтым. Қасындағы Рамазанов деген кісі: «Матаев жақсы сөйледі» деді. Сонда Нұрекең: «Жақсы сөйлеген жоқ әкесін танытты десеңші» деп өз ризашылығын білдірді.

Полигонның қасіреті жайлы айта берсең, сөз таусылмайды. Бұрын анау Саржалға, Абыралыға бара қалсаң тоқсанға келген шалдардың қатары көп болатын. Айтқа, хатымға бара қалса, тіпті екі-үш киіз үйге сыймайтын. Қазір Саржалдан сексен, тоқсанға келген қариялар тұрмақ, алпыстан асқан бір егде адамды таба алмайсың. Полигонның халыққа тигізген зардабы түбегейлі жойылды деп айтуға әлі ерте.

Кейін Сіз полигонды жабуға белсене атсалысып, Олжас Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» қозғалысының белсенді мүшесі болдыңыз ғой.

- Олжас Сүлейменовтің өзінің бастауымен үш рет халықаралық акция өткіздік. Екеуі Қарауылда, біреуі Семейде өтті. Тіпті шет елден, атап айтқанда, Жапониядан, Германиядан, АҚШ-тан, Польшадан арнайы өкілдер келді. Елдің ашу-ызасы күшейді. Сөйтіп, 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жабу туралы арнайы Жарлығы шықты.

- Сіз қызыл коммунистік қоғамда өмір сүріп қызмет еттіңіз, Компартияның идеологиясын жүргіздіңіз. Осы орайда сұрайын дегенім, Сіз Алла тағалаға сенесіз бе?

-  Жалпы, адам   бір нәрсеге сену керек. Ештеңеге сенбей жүрсең, сен адам емессің. Бір нәрсеге сену, адамның өзін-өзі тежеуге жақсы. Аллаға сену емес, ең алдымен Алланы сүю керек. Бұл Абайдың сөзі. Абай:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй оп Алланы жаннан тәтті, - дейді.

Мен де қажылыққа барған адаммын. Алланы жүрегіммен сүйемін.

Отбасылық бақыт туралы не айтасыз?

-  Отбасының бақыты, ол ең әлдымен жанұяның татулығы. Содан кейін екі адамның бір-біріне деген махаббаты болуы керек. Жолдасымныңда мамандығы мұғалім. Қызмет бабымен көп шапқыладық. Сонда үйге, балаларға ие болған осы адам. Оның, үстіне үйге келетін қаншама қонақтарың бар деген-дей. Ешқашан қабақ шытқанын көрмеппін. Ақ дастарқаны бір жиылған емес. Құдайға тәубе, бәйбішеміз екеуіміз 4 баланы тәрбиелеп, өсіріп, жеткіздік. Қазір 10 немереміз, 7 шөбереміз бар. Бақытты ата- әжеміз.

 

Сұхбаттасқан Мейрамтай Иманғали

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить