Хафиз аға - халықшыл адам

Мұрат Әуезов

Хафиз аға - халықшыл адам

Семей полигонын жабуга байланысты шаруаларда тіптен тани түстім. «Семей-Невада» қозгалысының жергілікті жерде дұрыс қолдау табуына шынайы араласып, зор белсенділік танытты. Ол кісінің Абай ауданына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Әсіресе халық тұрмысын көтеру мәселесін ретке келтіре білген басшы. Мені тәнті еткен шаруасының бірі - аудан орталыгында мұз айдынын жасатып, хоккей командаларын жасақтай білуі. «Қаламқас» ән-би ансамблін құрып, оган жол аша білгендігі абайлық өнерпаздардың даңқын бүкілодақтық көлемге дейін жеткізді.

1986 жылгы оқиғаға байланысты мен Қауіпсіздік комитеті тарапынан бақылауға алындым. «Жас тұлпарлық» ретінде жиі сұраққа алынып тұрдым. Сол кезде әкемнің маған жазған хаттар топтамасын қайда жасырсам дегенді ойлағанымда, есіме ең бірінші X.Матаевтың есімі оралды. Сөйтіп, мен әкемнің хаттарын сенімді жерде сақтау үшін Хафиз ағаны таңдап едім. 

         Елге пайдасы тиген Хафиз Ыбырайұлының 80 жасқа толып жатқаны құтты болсын! Әлі де аман-есен болып, ортамызда жүре беруіне тілектеспіз!

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить