Родители

Матаев Ыбырай  /1988-1976/ - тұңғыш мұғалім,  ұстаз

I

      1921 ж. Семей педтехникумында оқыған.

      1923 ж. Саржалда бастауыш мектеп ашқан 33 жыл мұғалім, мыңдаған ауыл адамданының ақылшысы, білімге бастаған ұстазы.

      Матаев Ыбырайды халық «Абай мұғалім» деп атап кеткен.

      Абай мұғалім – аса әңгімешіл еді. Абай, Шәкәрім, Көкбайды жатқа білген, әр өлеңдерін халыққа ұқтырудан жалықпаған, даналық, нақыл сөздердің насихатшысы болған. Жеке адами қасиеті – адалдық, ар жолын аттамаған, нашарға болысуды парыз санаған.

II

     Абай мұғалім мен 50 жыл отасқан бәйбішесі Бибісарадан 4 ұл – Хафиз, Ғазиз, Ғизат, Қазбек, 1 қыз – Мақпура тәрбие алып, өсіп, жетілген. Олардан өрбіген немере, шөбере, неменелер Абай мұғалім мен Бибісара ананың өмірін жалғастырушылар.

III

       Абай мұғалім жиі айтатын уағыздар:

       Абай: «Адам адамнан төрт нәрсемен озады: ғылым, білім, ар, мінез. Бұл төртеуінен басқамен озам деу – ақымақтық».  /Толық адам/.

      Фердауси: «Дән арқалаған құмырсқаға тимеші, аңсағаны оның өмір ғой. Өмір деген абзал ғой».  /Еңбекқорлық/.

      Сағди: «Лағыл тасты сындыру оңай, ал енді біріктіріп көрші».  /Татулық/.

IY

1. Ахметжанов Арғымбек: «Абай мұғалімнің өз аузынан жазып алған 9 әңгімесі «Ақылмен ойлап сөйлесек» кітабында; «Кедейдің даналығы» өлеңі «Ертіс өңірі» газетінде;

2. Әлімжанов Құсайынның Абай мұғалімнен жазып алған «Ажалдан құтқарған асыл сөз» өлеңі «Совхоз туы» газетінде басылып шықты, т.б.

3. Абайтану, Мұхтартану ғылымының насихатшысы, жазушы Кәмен Оразалин өзінің «Абай ауылына саяхат» кітабында:

       «1943 жылы Мұхтар Әуезов елге келгенде «Жаңа еңбек» колхозының бастығы Матаев Ыбырай екеуінің құшақтасып амандасқандарының куәсі болдым. Ыбырайдың үйінде Мұхтар аға бір күн жатты. Ыбырайды бүкіл Абай елі «Абай мұғалім» деп атап кеткендіктен, ол кісінің ақыл-кеңесін естіген мен де «Абай мұғалім» деймін.»

4.  Жергілікті ақын Хамза Икрамбеков өзінің «Әкелер» атты өлеңінде:

 

«...Соның бірі осы жүрген Матаев,

Өмірі мен еңбегін бір атайық.                    

Матаевтан тәрбие алған ұл-қыздың

Қанаттары кетті қазір қатайып.

 

Алтынсарин Ыбырайдың «інісі»,

Сол кісімен сабақтас бар жұмысы

Көпті көрген тәжірибелі тарланның

 

Білімі мол, терең жатыр тынысы...»

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить